Месси жанкүйерлерден кешірім сұрады

18.07.2020, 13:10
Негізі кешірім сұрайтын Кике Стетьен еді.

"Реал" өз жұмысын жасады. Олар чемпионатты қайта бастағаннан кейін ұпай жоғалтқан жоқ. Бұл өте жақсы. Біз де оларға чемпион болуға көмектестік - жеңіске жетуіміз керек болған матчтарда ұпай жоғалтып алдық. Біз бәрін өзімізден бастап талдауымыз керек. Біз - "Барса", әр ойында жеңіске жетуге міндеттіміз. Бүгінгі ойын біз үшін бүкіл маусым қандай болғанын көрсетеді. "Рома", "Ливерпуль"... Жанкүйерлер шыдамдылықтарын жоғалта бастады, өйткені біз оларға ештеңе беріп жатқан жоқпыз. Егер біз Чемпиондар Лигасы үшін күрескіміз келсе, көп нәрсені өзгерту керек. Егер біз осылай жалғастыра берсек, еуропалық жарыстарда сәттілікке жете алмаймыз - «Наполиді» де жеңе алмаймыз. Ал Ла Лига ойдағыдай болмады".

Соңында Месси жанкүйерлерден кешірім сұрады:

«Жанкүйерлер осы маусымда болған оқиғаларға қатты ренжіп, ашулануы мүмкін. Біз де ашулымыз».