Жарнама
Жарнама

Месси жылдың барлық айында гол салған футболшы

17.07.2020, 08:50
Ла Лиганың 37-турында «Барселона» өз алаңында күтпеген жерден «Осасунадан» (1:2) жеңілді.
Жарнама
Жарнама

Жалпы бұл "блауграна" мен "қызылдар" арасындағы 84-ойын. "Барса" - 48, "Осасуна" - 18-інде жеңсе, 18 кездесу тең аяқталған. Екі клубтың тек Испания біріншілігі мен Кубогында жолдары түйіскен. 

Каталония ұжымы "Осасунаға" өз алаңында араға 11 жыл салып есе жіберіп отыр. 2009-дан бері 6 матчта 31 гол салып, қарсыласқа еш мүмкіндік бермеген еді. Бүгін алаң қожайындары расымен білгендерінен жаңылды. 

Кездесудің 61-минутында таразы басын теңестірген Лионель Месси тағы бір ерекше нəтижеге қол жеткізді. Аргентиналық Примерада жылдың барлық айында гол салған санаулы футболшы атанды. Бұған дейін дəл осы көрсеткішті Луис Суарес тіркеген-ді. 

Негізі Лео үшін карьерасында қаңтар ең жемісті ай. "Барса" капитаны жаңа жылдың алғашқы айында 92 рет алаңға шығып, 87 допты торда тулатқан. 

Сонымен қоса бүгін Лео "Осасунаға" қарсы 20-ойынында, 24-голын салды (биыл еншісінде 22 гол+20 нəтижелі пас).

Қатар өткен ойында "Реал" өз алаңында "Вильярреалдан" (2:1) басым түсіп, чемпион атанды. 

Шәмкен Байырбек

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров