Мессиді сынағандар Бенземаның ашуын тудырды

05.02.2024, 13:10

Мессиді сынағандар Бенземаның ашуын тудырды

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасының капитаны Кәрім Бензема Лионель Мессиді жақтап, пікір білдірді. «Лионель Мессиді сынайтын кез-келген адамның футболдан ешқандай хабары жоқ», - деген еді франциялық сұрмерген.

Айта кетейік, кеше Гонконгте аргентиналық жұлдызды футболшы жанкүйерлермен ортақ фотоға түсуден әрі қолтаңба беруден бас тартқан. Осы қылығы үшін сегіз мәрте «Алтын доп» иегерін желі қолданушыларынан бастап барлығы сынаған еді. Енді Бензема оны осылайша жақтап пікір айтқан.        

Материалда: