Лионель Месси КОНКАКАФ турнирінде ауыр жарақат ала жаздады, деп жазады Аладоп.кз.
“Интер Майами” КОНКАКАФ чемпиондар Кубогының 1/8 финалының алғашқы кездесуінде “Нэшвилмен” 2:2 есебімен тең тарқасты.
Ойынның 77 минутында “Нэшвилл” қорғаушысы Лукас Макнафтон допқа талас барысында Мессидің балтырын оңдырмай тепті. Бірақ абыройға орай, аргентиналық ойынды әрмен қарай жалғастырды.
Ойыннан кейін Мессидің жағдайы жайында бапкер Херардо Мартино былай деді:
“Лео матчтың соңғы минуттарына дейін өнер көрсетті. Футболшының бойында шаршаңқылық сезіледі. Ол қазірде массаж терапияларына баруда. Мессидің жағдайы жақсы. Алаңдауға еш негіз жоқ”.
Біздің серіктес: FONBET