Испанияның Football Espana порталы аргентиналық TyC Sports басылымына сілтеме жасай отырып, 33 жастағы «Барселона» капитаны Лионель Мессидің мансабын қайда жалғастыратыны туралы хабарлады.
Пайда болған ақпаратқа сәйкес, Лионель Мессидің «Барселонада» қалу мүмкіндігі 90%-ды құрап отыр. Бірақ ол келісімшартын ұзартпайды, келесі жылы ешқандай мәселесіз командадан еркін агент ретінде кеткісі келеді. 3-ші қыркүйек ойыншы үшін шешуші күн болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Месси "Барселонаға" клубтан кету туралы айтқан болатын. Аргентиналық футболшыға басты үміткер - "Манчестер Сити". Алайда, «Барселона» Лионельді жібергісі келмейді, сондықтан олар 700 миллион еуро өтемақы төлеген жағдайда ғана шабуылшыны сатуға дайын.
Біздің серіктес: FONBET