"Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил жақын арада "Фенербахче" ойыншысы атанады.
Sky Sports-тың хабарлауынша, 32 жастағы неміс футболшысы лондондық клубтың ойыншыларымен және қызметкерлерімен қоштасып үлгерген. Жақын арада ол Стамбулға ұшып барып, "Фенербахчеге" ауысар алдында медициналық тексерістен өтеді. Бұған дейін "зеңбірекшілер" мен Месут Озил келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келгені хабарланған болатын.
Озилдің "Арсеналмен" келісімшарты маусым айында аяқталады. Неміс футболшысының жалақысы аптасына 395 мың еуроны құрайды. Озил Лондонның "Арсеналында" 2013 жылдың жазынан бері ойнады, бірақ 2020 жылдың наурызынан бері алаңға шыққан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET