«Истанбул Башакшехир» ресми сайтында Месут Озилмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Бұған дейін «Фенербахчеде» доп тепкен жартылай қорғаушы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды. Тараптар «1+1» схемасы бойынша келісім-шарт жасасты.
Өткен маусымда Озил «Фенербахче» сапында 26 матчқа қатысып, тоғыз гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушы өзінің мансабында «Шальке 04», «Арсенал», «Реал Мадрид» секілді клубтардың намысын қорғаған.
Еске салайық, 2021 жылдың 24 қаңтарында «Арсенал» Озилдің «Фенербахчеге» ауысқанын хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET