“Романың” жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян 2020 жылғы Арменияның ең үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Армения футбол федерациясы ресми Twitter парақшасында.
Мхитарян бұл жүлдені осыған дейін тоғыз мәрте (2009, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2019) ұтқан еді.
Армения жоғары лигасы командаларының капитандары, бапкерлері һәм спорт журналистерінің дауыс беру қорытындысынан кейін Генрих 133 дауыс жинап, жеңімпаз атанса, Тигран Барсегян (“Астана”) 79 ұпаймен екінші орынға жайғасты, ал Ваан Бичахчянды (“Жилина”) 25 дауыспен үшінші орынды қанағат етті.
Мхитарян ағымдағы маусымда “Рома” сапында 19 ойынға қатысып, сегіз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET