Жарнама
Жарнама

Михал Билек «Астанада» екі ойыншының мансабына кері әсерін тигізді

29.08.2020, 22:45
Екеуінің де «Астананың» негізгі құрамына ілінуі екіталай
Жарнама
Жарнама

"Астана" футболшылары Рамазан Кәрімов пен Сұлтан Сағнаев 2020 жылғы маусымды "Каспий" клубында жалғастыруы мүмкін еді.

Премьер-Лига дебютанты атанған ақтаулық команда Қазақстан жастар құрамасының ойыншыларымен ойнауды жоспарлаған болатын, бірақ "Астана" Сағнаев пен Каримовтың жалға беру туралы келісімшартын мерзімінен бұрын аяқтады. Осы маусымда екеуі де "Каспий" клубы үшін екі матч өткізіп, кейін елордалық командаға оралуға мәжбүр болды.

Жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін Ақтау клубы ойыншыларды қайтаруға тырысты, бірақ «Астананың» бұрынғы жаттықтырушысы Михал Билек оларды жібермеді, дегенмен спорт директоры екі футболшыны да жалға жібергісі келіп еді.

Каримов тек бір рет «Тобылға» қарсы матчта қосалқы құрамнан алаңға шықты, ал Сағнаев осы маусымда елордалық клуб үшіг мүлдем ойнаған жоқ.

Айта кетейік, «Астананың» екі тәрбиеленушісі де Қазақстан жастар құрамасының алда болатын ойындарына шақыртылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров