Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Литвамен болатын матч туралы пікір білдірді.
- Қазақстан құрамасы биыл бірде-бір ойын өткізген жоқ. Футболшылар чемпионатта аз ойнады. Алайда, команданың көңіл-күйі жақсы. Ойыншылар жақсылап жаттығу өткізді. Жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенемін. Өткен маусымда Қазақстан құрамасы Бельгия, Шотландия және Ресейге лайықты қарсылық көрсетті. Сол ойындарды қайталау керек. Екі команда да жеңіске жетуді қалайды.
Естеріңізге сала кетейік, Литва - Қазақстан матчы бүгін 22:00-де өтеді. Матчты Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар!
Біздің серіктес: FONBET