Жарнама
Жарнама

Михал Билек: «Мен өз командама сенемін»

18.08.2020, 02:52
Бүкіл қазақ жанкүйерлері сенім артады
Жарнама
Жарнама

УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Динамо Брест» - «Астана» арасындағы кездесу алдында елордалық команданың бас бапкері Михал Билектің қатысуымен баспасөз жиыны өтті: ⠀

- "Біз ертең ресми ойын өткізетінімізге өте қуаныштымыз. Себебі, команда бес ай бойында ойын тәжірибесінсіз қалып қойды. Бұл футболшылар үшін ең қиын кезең болғаны анық. Тек қана жаттығу жасап, ойын өткізбеу команда үшін қиын. Сондықтан, ертеңгі ойында апта сайын ресми матч өткізіп жүрген қарсылас командада аздаған басымдық болатыны анық. Дегенмен, бұл жағдай ешкімді алаңдатпауы тиіс. Барлығымыз тек қана жақсы нәтиже күтеміз. Мен өз командама толықтай сенім артамын. Біздің бұл кездесуде жеңіске жетуге қауқарымыз жетеді. «Динамо» - құрамына мықты футболшыларды жинақтаған, өте жақсы команда. Бізді ертең маңызды ойын күтіп тұр, бірақ мен біз жеңіске жетеміз деп үміттенемін".

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров