Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Михал Билек Ұлттар лигасының соңғы турында Литвамен болатын матч туралы пікір білдірді. Ол сонымен қатар отставкаға кетуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
- Ұлттық құраманың Литвамен кездесудегі мүмкіндігі қандай?
- Бір команда ретінде ойнаймыз және қорғаныста сауатты ойнау керек.
- Албаниямен матчта не жетіспеді?
- Екінші таймда біз өз мүмкіндіктерімізді сезіне алмадық. Атап айтар болсам, Вороговский мен Сүйімбаев гол соғуы мүмкін еді.
- Сіздің жұмыстан кетуіңіз туралы ақпаратқа түсініктеме бере аласыз ба?
- Менде қаңтар айына дейін есептелген келісімшарт бар, мен барлық матчқа көңіл бөлемін және жаңа келісім туралы басшылықпен сөйлеспедім.
- Исламханға қатысты жағдайға түсініктеме берсеңіз, сіз онымен байланыстасыз ба?
- Мен жағдайдың қалай болғанын білмеймін, онымен байланыста емеспін.
- Ертең қандай футбол көреміз?
- Біз нәтиже үшін ойнаймыз. Ауа-райына қарамастан, біз үшін жеңу маңызды.
Еске салайық, Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Қазақстан - Литва матчы ертең, 18 қарашада Алматыда өтеді. Албаниядан жеңілгеннен кейін, Билектің шәкірттері соңғы орыннан көтеріле алмаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET