"Астана" футбол клубының бас бапкері Михал Билек қызметінен кетті, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет.
"Бүгін команда чех маманының кететіні туралы хабарлады. «Оқжетпеспен» болатын келесі матчқа команданы атқарушы директор Пол Эшуорт дайындайды" - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Михал Билек "Астанаға" осы маусымның басында келген болатын. Оның басшылығымен елордалық клуб 3 қана ресми матч өткізіп үлгерді. Оның ішінде, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Динамо Бресттен" 6:3 есебімен жеңілген болатын.
Біздің серіктес: FONBET