Жарнама
Жарнама

Михал Билек қызметінен кетуге жақын

17.11.2020, 02:37
18 қараша күні Қазақстан құрамасындағы соңғы кездесуін өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасында Литвамен болатын матчтан кейін өз қызметінен кетеді.

Чехиялық маман өзінің штабына Қазақстан Футбол Федерациясы онымен Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының келесі іріктеу кезеңіне арналған келісімшартты жаңартуға ниетті емес екенін хабарлаған.

Билек Қазақстан құрамасына 2019 жылы келді. Оның басшылығымен ұлттық құрама Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңінде өз тобында Бельгия, Ресей, Шотландия және Кипрден артта қалып, бесінші орынға ие болды.

Ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан құрамасы қазір төрт ұпаймен кестеде соңғы орынға жайғасты. Қазақстан келесі кездесуде өз алаңында Литвамен ойнайды (18 қараша).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров