Жарнама
Жарнама

Михал Билек: «Тең ойын жақсы нәтиже болар еді»

08.09.2020, 15:02
Топтағы төрт құраманың әрқайсысында 3 ұпайдан бар.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасының Беларуссияға қарсы ойыны (1:2) туралы пікір білдірді.

- Бұл кездесуде жеңіліс тапқанымыз өкінішті. Тең ойын жақсы нәтиже болар еді. Бірінші таймда алаңның ортасында қиындықтар туындады, сондықтан ойын жүйесін 3-5-2-ге ауыстыруды жөн көрдік. Осы сәтте біз бірінші гол жағдайында қателестік, бірақ содан кейін ойынымыз жақсарды. Біз гол салдық және тағы бір гол соғамыз деп сендік. Бірақ соңында біз қателесіп, осы матчта жеңіліп қалдық. Өкінішке орай, ойыншылардың физикалық күші жетіспесе де, алаңда барын салғаны көрініп тұрды.

- Зайнутдинов өзінің жарақатына байланысты резервте қалды ма?

- Иә, солай болды. Ол Литвамен болған ойында жарақат алды. Кеше матч алдындағы жаттығуда ойнай алмайтынын айтты. Сондықтан ол бүгін ойнаған жоқ.

- Сүйімбаев, Әліп және Покатилов бір клубта ойнайды және командалық жұмысы жақсы, бірақ соңында олар осындай қателік жіберді. Бұл туралы не айта аласыз?

- 90 минуттың бойы өте жақсы деңгейде жұмыс жасаған ойыншы қателік жіберді. Бұл футбол, ондай жағдай болып түрады.

- Литва құрамасының ойынын Беларуссия құрамасымен салыстырдыңыз ба?

- Мұндай матчтан кейін қарсылас туралы айту қиын. Кездесуде олар жақсы түсінісіп, допты ұзақ ұстап, өте жақсы футбол көрсеткен сәттер болды. Литвадағы ойында біз үлкен күш жұмсағандықтан, бұл өте қиын матч болатынын білдім.

- Біздің команданың жартылай қорғанысына көңіліңіз тола ма? Әбікенді клубтағы ойын практикасынсыз және номиналды қорғаушы болып саналатын Бейсебековті таңдаудың себебі неде?

- Мен мұнда жұмыс істегеніме бір жарым жыл болды. Бұрын алаңның ортасында Меркель немесе Жуков ойнаған, қазір екеуі де жоқ. Қуат әлі күнге дейін клубсыз жүр. Әбікен өзінің клубында кейбір матчтарда ойнайды, кейбірінде ойнамайды, бірақ ол өзінің қасиеттерін көрсетті. Ол әлі жас және осы командада ұзақ жылдар ойнайды. Бейсебеков бұл позицияда ойнады, өйткені Перцух Литваға қарсы ойнады, мен ойыншының сергек болғанын қаладым. Айтуға тура келеді, Бейсебеков пен Әбікен бүгін жаман ойнаған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров