Жарнама
Жарнама

Михал Билек: «Жіберген қателіктеріміз голға айналды»

15.10.2020, 14:23
Қазақстан 4 ұпаймен өз тобында соңғы орынға тұрақтады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының Беларуссияға қарсы ойыны (0:2) туралы пікір білдірді:

- Біз бірінші таймды екінші таймға қарағанда нашар өткіздік. Матчтың екінші жартысында біз допты бақылауда ұстап, жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Жүзеге асыруды қажет ететін сәттер болды. Өкінішке орай, қарсылас өз мүмкіндігін жақсы пайдаланды. Біз қателік жібердік, тиісінше қателіктеріміз голға айналды.

- Неге ұлттық құраманың тәжірибелі ойыншыларының бірі Исламбек Қуат қосалқы құрамда қалды?

- Соңғы кездері оның жұмыс кестесі тығыз болды, сондықтан мен оның орнына басқа ойыншыға мүмкіндік бердім. Екінші таймда Қуат алаңға шығып командаға сенімділік пен тұрақтылық беруге тырысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров