Лондондық "Арсеналдың" бас бапкері Микел Артета Чемпиондар лигасы аясында Алматылық "Қайратпен" өтетін кездесу алдында өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бас бапкері өткен демалыста ішкі біріншілікте "Манчестер Юнайтедтен” жеңілгеннен кейін команданың ес жиып үлгергенін атап өтті. Артетаның айтуынша, бұл жеңіліс команданы қайрай түскен.
Арманға жету жолы
Артета алдағы матчтың қызықты болатынына сенімді:
"Бұл керемет ойын болмақ. Он ай бойы арманыңа ұмтылғанда, жолда таңғажайып сәттер кездеседі. Оны сезінудің жалғыз жолы — бар энергияңды осы бағытқа арнау. Біз қалаған нәтижеге жетудің ең жақсы амалы — күш-жігерімізді бір арнаға тоғыстыру.”
Жеңілістен кейінгі серпіліс
"Манчестер Юнайтедке" есе жібергеннен кейін команда ішінде маңызды әңгіме болған көрінеді:
"Біз сәл кідіріп, жағдайды сараладық. Өзімізді қалай сезінетінімізді және алдағы төрт айды қалай өткізгіміз келетінін талқыладық. Бұл өте жігерлі әрі әдемі сәт болды. Біз төрт бірдей турнирде жеңіс үшін таласу құқығына ие болдық. Ендігі мақсат — алаңға үлкен батылдықпен және жеңіске деген нық сеніммен шығу.” – дейді Артета.
Біздің серіктес: FONBET