Жарнама
Жарнама

Микель Артета «Манчестер Сити» қорғаушысын өз командасында көргісі келеді

11.12.2020, 04:19
Қорғаушы Еуропалық грандтардың назарын өзіне аударды.
Жарнама
Жарнама

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Эрик Гарсияға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Mirror.

"Арсенал" қысқы трансферлік терезеде қорғанысын күшейткісі келеді, бірақ Артета жазда "Манчестер Ситимен" келісімшарты аяқталатын Гарсияны алуды ойластыруда.

Қысқы трансферлік терезеде "Барселона" Гарсияны сатып алу үшін әрекет жасамақ, каталондықтар ойыншы үшін 8 миллион еуро ұсынады деп хабарланған болатын. Гарсия - "Барселонаның" басты трансферлік мақсаты, бас бапкер Рональд Куман клубтан осы трансферді талап етуде.

Гарсия - "Барселонаның" түлегі. 2016 жылы ол "Манчестер Ситиге" 1,7 миллион еуроға ауысып, U17 және U23 командаларында ойнады. Осы маусымда ол ағылшын клубында жеті матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров