Жарнама
Жарнама

Микель Артета тамыз айының үздік бапкері атанды

17.09.2022, 00:02
Оның жетекшілігімен лондондық клуб бес матчта жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналды» жаттықтырып жүрген Микель Артета Премьер-Лиганың тамыз айындағы үздік бас бапкері атанды.

40 жастағы испаниялық маманның жетекшілік етуімен лондондық клуб тамыз айында өткен бес кездесуде де жеңіске жетті.

Артета мансабында үшінші рет Премьер-лигадағы айдың үздік менеджері атағын жеңіп алды. Ол бұған дейін 2021 жылдың қыркүйегінде және 2022 жылдың наурызында үздік деп танылған еді.

Еске салайық, бұған дейін «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлин Холанд тамыз айындағы Ағылшын Премьер-Лигасының (АПЛ) үздік ойыншысы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров