Семейлік Елімай 34 жастағы қорғаушы Михаил Габышевпен келісімге келгенін хабарлады.
Жалпы Михаил өз мансабында “Шахтер”, “Восток”, “Астана”, “Каспий” және “Атырау” клубтарында өнер көрсетті.
ҚПЛ Габышев жалпы алғанда 198 ойын өткізіп, 9 гол мен 10 голдық пас берді.
34 жастағы қорғаушы ел құрамасында 2021 жылдың жаз айында дебют жасаған болатын. Содан бері ол Қазақстан жейдесінде 10 матч өткізіп, 1 голды өз атына жазды.
Біздің серіктес: FONBET