Жарнама
Жарнама

Михайл Шайдоров: “Сүйікті ойыншым Мбаппенің Алматыға келуін асыға күтіп жүрмін”

22.09.2025, 20:00

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 21 жастағы Михаил Шайдоров футболға қызығушылығын және алдағы тарихи матчты күтіп жүргенін айтты.

Жарнама
Жарнама

"Кестем өте тығыз, бос уақытым жоқтың қасы. Қарқынды маусымнан кейін біраз демалып, Түркияда күш жинап қайттым. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Дегенмен кейде футболдан да хабардар болып жүремін. "Қайраттың” Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққанына қуаныштымын.

Енді Алматыға "Реал Мадрид” келеді, ал онымен бірге менің ең сүйікті футболшым Килиан Мбаппе! Оны "ПСЖ" мен Франция құрамасында ойнаған кезінен бастап бақылап келемін.

30 қыркүйекте өтетін "Қайрат” – "Реал Мадрид" матчына қатты барғым келіп жүр. Бірақ 1 қазанда мен үшін өте маңызды жарыс күтіп тұр. Бірақ егер кімге жанкүйер болу керек деген сұрақ туындаса, таңдауым әрине "Қайрат" – деді Шайдоров.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров