А сериясының 14-туры матчында "Милан" "Лационы" жеңді. Кездесу Миландағы "Сан-Сиро" ("Джузеппе Меацца") стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
Twitter-де OptaPaolo хабарлағандай, "Милан" ерекше статистикалық жетістікке қол жеткізді. "Милан" 1948 жылдан бастап бір күнтізбелік жыл ішінде ТОП-5 лигада қатарынан 15-тен астам ойында 2 голдан көп соққан алғашқы команда атанды. Бұған дейін бұл межені 1948 жылы қатарынан 18 матчта 2 голдан көп соға білген "Барселона" бағындырған болатын.
"Милан" 14 матчта 34 ұпай жинады және А сериясының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. "Лацио" (21 ұпай) - сегізінші орында. Италия чемпионатының келесі турында "Милан" "Беневентомен" кездеседі. Ойын 3 қаңтарда, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET