Жарнама
Жарнама

«Милан» бұрынғы қалпына қайта оралды ма?

«Милан» А сериясының бес турында 13 ұпай жинады.
Жарнама
Жарнама

А сериясының турнирлік кестесіне қарасаңыз "Миланның" бірінші орында тұрғанын көресіз. Ескі күндер қайта оралғандай көрінді.

Златан Ибрагимович жыл басында "Миланға" қайта оралған еді және бірнеше сәтті матчтан кейін швециялық форвард батыл түрде былай деді:

"Мен президентпін, ойыншымын және бапкермін! Жалғыз кемшілігім - мен ойыншы ретінде ғана айлық аламын. Егер мен "Миланда" маусымның басынан бері болғанымда, біз скудеттоны жеңіп алар едік."

Ибрагимович "Миланда" 2020/21 маусымның басынан бері ойнап келеді және оның командасы чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі болып отыр: команда алғашқы 4 турда 12 ұпайға қол жеткізді, бесінші турда "Ромамен" тең ойнағанына қарамастан бірінші орынын сақтап қалды. Италияның жаңа чемпионаты басталмас бұрын, "Ювентус" пен "Интер" арасындағы бәсекелестік туралы, Контенің тәжірибесінің мол екендігі және Пирло баптайтын команданың осал екендігі туралы көп айтылды. Мұндай әңгімелердің ішінде "Милан" туралы әңгіме қозғалған да жоқ, бірақ қазір Стефано Пиолидің командасы көш басында келе жатыр.

"Милан" туралы фактілер:

1. Маусым басталғалы ұпай жоғалтпаған ТОП-5 лигадағы жалғыз команда

Чемпионаттың басталғанына көп болмады, бірақ Испания, Италия, Англия, Германия және Франциядағы 98 команданың 97-сі өз чемпионаттарында ұпай жоғалтты. "Болоньямен" (2:0), "Кротонемен" (2:0), "Специямен" (3:0) және "Интермен" (2:1) болған кездесулердің бәрінде жеңіске жеткен "Милан" ғана алға ұмтылуда.

2. "Миланның" барлық турнирлердегі жеңіліссіз сериясы 21 матчты құрайды

Бұл әлдеқайда әсерлі статистика. "Болонья", "Кротоне" және "Специяны" жеңу көп команданың қолынан келеді, ал Миландық дербидегі жеңісті ескермеу мүмкін емес. "Милан" соңғы рет наурыздың басында "Дженоадан" (1: 2) жеңілген еді, одан кейінгі 21 матчта 16 рет жеңіске жетіп, 5 рет тең ойнады.

3. "Милан" соңғы рет 2010/11 жылғы маусымда чемпион атанған еді

Златан Ибрагимовичті "Миланның" соңғы чемпиондығымен байланыстырады. 2010/11 маусымда швед шабуылшысы өзінің бразилиялық командаластары Робиньо және Пато секілді 14 гол соғып, Массимилиано Аллегри бастаған "Милан" скудеттоны жеңіп алды.

4. "Милан" - А сериясының ең жас командасы

Стефано Пиоли командасының орташа жасы - 24,9 жас. А сериясында жас командалар жоқ. Салыстыру үшін, "Интердің" ең кәрі құрамын алуға болады - 28,5, жанында "Ювентус" та бар - 28,4.

5. "Милан" қатарынан 10 ойында 2 немесе одан көп гол соғып жүрген команда

Стефано Пиоли шәкірттері керемет ойынымен мақтана алады, "Милан" соңғы 10 матчының әрқайсысында кем дегенде екі голдан соқты. Команда мұны 56 жылдан кейін бірінші рет жасап отыр - 1964 жылдан бастап Саккидің голландиялықтардан жасақтаған командасы да, Капелло мен Анчелоттидің керемет командалары да Пиоли мен Ибрагимовичтің жасағанын қайталай алмады. Қорғаныста да жағдай жаман емес: А сериясының төрт турында бір ғана гол жіберіп алған. Алайда Доннаруммасыз қақпаны құрғақ ұстау қиынға соғады.

Сонымен, "Миланның" чемпионатта соққан 12 голының 4-еуі Златанның еншісінде, және ол сонымен қатар жасалған мүмкіндіктер (8), соққылар (11) бойынша команданың көшбасшысы болып табылады. Ибра 39 жаста, егер кейбір адамдар ұмытып кетсе.

Осындай керемет нәтиже көрсетіп жатқан "Милан" шынымен де жетістікке жете ала ма? Ақыры "Милан" қайтадан керемет болуды шешті ме? Немесе бұл жай ғана қысқа мерзімді иллюзия ма?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров