Клубтың акциясын бірінші компаниядан екіншісі беру кездегі келіссөздерді дұрыс жүргізбеген “россонери” заңдық тұрғыда қатаң жазаға тартылуы ғажап емес.
2022 жылы итальяндық ұжымның қожайыны Elliott Management клубтың акциясын RedBird Capital Partners компаниясының атына жазады. Алайда бұған қарамастан, Elliott Management “Миланның” шаруаларына бас сұғуын доғармауда екен. Негізінде бұл клубтың қазіргі қожайыны ретінде RedBird Capital Partners компаниясы саналады.
Қазірде тиісті өкілдер “Миланды” жан-жақтан тексеріп жатыр. Егерде россонеридің заң бұзғаны анықталса, УЕФА қауымдастығы аясында ұйымдастырғалы отырған барлық турнирден шеттетілмек.
Қазіргі сәтте “Милан” ішкі біріншілікте 59 ұпаймен турнирдің екінші сатысында келеді. Команда көш басында тұрған “Интерден” 16 ұпайға артта қалып келеді.
Біздің серіктес: FONBET