Жарнама
Жарнама

«Милан» Италия чемпионатында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты

17.12.2020, 16:30
Златанның жоқтығы соңғы екі-үш матчта қатты білінді.
Жарнама
Жарнама

А сериясының 12-турында "Дженоа" өз алаңында "Миланды" қабылдады. Кездесу Генуядағы "Луиджи Феррарис" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Opta Paolo статистикалық порталы хабарлағандай, "Милан" Италия чемпионатында әр матчта кем дегенде екі гол соғу бойынша рекорд орнатты. Стефано Пиолидің шәкірттері соңғы 14 кездесудің әрқайсысында кем дегенде екі голдан соқты. Алдыңғы рекорд 1948 жылы қатарынан 13 ойында екі голдан соққан "Ториноға" тиесілі еді.

"Дженоа" 7 ұпай жинап, А сериясының турнир кестесінде 18-орынға көтерілді. Милан (28 ұпай) көш бастап келе жатыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров