А сериясының 38-турында «Сассуоло» Реджо-нель Эмилия қаласындағы «Мапей - Читта-дель Триколоре» стадионында «Милан» командасын қабылдап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ойынның 17-минутында мергендігімен көзге түскен «Миланның» шабуылшысы Оливье Жиру 32-минутта дубль жасады, ал екі минуттан кейін Франк Кессье матчтағы үшінші және шешуші голды соқты. Бір қызығы, үш нәтижелі пасты да Рафаэль Леау өз атына жазды.
Осылайша, «Милан» 38 кездесуде 86 ұпай жинап, А сериясының жеңімпазы атанды, екінші орында тұрған «Интер» екі ұпайға артта қалып қойды.
«Милан» 2010/2011 жылғы маусымнан бері алғаш рет Италия чемпионы атанды. Өткен жылы А сериясында «Интер» топ жарған еді. Ал оған дейінгі тоғыз маусымның бәрінде «Ювентусқа» тең келер команда болған жоқ.
«Милан» қоржынына А сериясының 19-шы титулы түсті. Бұл көрсеткіш бойынша олар «Интерді» қуып жетті. Ал алғашқы орында 36 трофейі бар «Ювентус» тұр.
Биылғы үздік төрт команданың қатарына «Наполи» мен «Ювентус» те кірді. Бұл төрт клуб келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET