Жарнама
Жарнама

Милан қаласындағы аты аңызға айналған стадион алдағы уақытта сүріліп тасталынбақ.

Қала әкімшілігі "Сан-Сиро" стадионың жергілікті командалар еңшісіне сатып жіберді.

Жарнама
Жарнама

Миланның қала кеңесінде арнайы дауыс беру өтіп, нәтижесінде 24 адам стадионды сатуды қолдаса, қалған 20-сы сатпауды қалаған. Осылайша спорттық нысан “Интер” мен “Милан”  клубтарының меншігіне өтті.

Енді олар 1926 жылдан бері келе жатқан стадионды бұзып, орнына заманауи аренаны тұрғызбақшы. Су жаңа нысанды футбол қауымы 2032 жылы көріп қалуы мүмкін.

Айта кетейік, біздің “Қайрат” командамыз Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің 4-туры аясында дәл осы стадионда “Интерге” қарсылас атанады. Аталған ұжымдар арасындағы қызықты ойын 5 қараша күніне жоспарланған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров