Жарнама
Жарнама

«Милан» «Лилль» қорғаушысымен келісім-шарт жасаспақ

06.04.2022, 02:06
Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады.
Жарнама
Жарнама

Италиялық «Милан» «Лилльдің» қорғаушысы Свен Ботманды қатарға қоспақ. Келісім-шартқа әлі қол қойылған жоқ, бірақ тараптар жақын арада нақты мәмілеге келеді. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, голландиялық футболшы италиялық клубтың ұсынысын қабыл алды және жазғы трансферлік терезеде командаға қосылуы тиіс.

«Милан» футболшының трансфері үшін шамамен 40 миллион еуро төлеуі керек. Биылғы маусымда голландиялық футболшы барлық турнирлерде 28 матч өткізіп, 3 гол соғып. Ботманның «Лилльмен» қазіргі келісім-шарты 2025 жылы аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров