Жарнама
Жарнама

«Милан» Лука Йовичпен келіссөздер жүргізуде

21.12.2020, 16:33
Бұған дейін футболшы «Реал Мадридтен» кетуі мүмкін екенін хабарлаған еді.
Жарнама
Жарнама

"Милан" "Реал Мадридтің" 22 жасар сербиялық шабуылшысы Лука Йовичтің кандидатурасына қайта оралды, деп хабарлайды Milan News.

Хабарланғандай, бүгін, 21 желтоқсанда шабуылшының агенті Фали Рамадани Италияға "Миланмен" Лука Йовичтің трансферіне қатысты келіссөздер жүргізу үшін келеді. Келіссөздер сәтті аяқталса, бұл трансфер қаңтар айында орын алуы мүмкін.

Лука Йович "Реал Мадридке" "Айнтрахт Франкфурт" клубынан 63 миллион еуроға ауысқан болатын. Испания чемпионатының ағымдағы маусымында сербиялық шабуылшы төрт матчқа қатысып, тиімді әрекеттермен көзге түспеді. Йович бұл маусымда түрлі жарақаттарына байланысты 13 матчқа қатыспады (47 күн).

Бұған дейін 22 жастағы шабуылшы ойын практикасы болмағандықтан Корольдік клубтан кетуге ниет білдірген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров