«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович Премьер-лиганың 20-туры аясында «Астанаға» қарсы өткен ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
– Жақсы ойын көрсетіп, лайықты түрде жеңіске жеттік деп ойлаймын. Біз допты өте жақсы ұстадық және қауіпті шабуылды ұйымдастыру үшін жақсы пастар берілді. Біз жеңіске лайық болдық.
– Соңғы турда үш ұпайдан айырылып қалдыңыз. Сіз ойынды қалай өзгерте алдыңыз?
– Бізде жақсы әрі сапалы команда бар. Ол біз үшін жағымсыз күн болды. Ойынды қатты өзгерткен жоқпын. Ойыншылар бүгін елордада өздерін жақсы көрсету керек деген сезіммен шықса керек.
- Соңғы ойында Акмурзин сенімсіз ойнады, бірақ бүгін жақсы көрінді. Соңғы матчтан кейін оған қандай кеңес бердіңіз?
- Бүгін Тимур өте жақсы ойнады, пенальтиді қайтарды және екінші таймда қақпамызды голдан аман сақтады.
- Тошичтің жағдайы қалай?
– Тошич тобығынан соққы алды. Аздап ауырып, ісінген. Бізде екі апта үзіліс болады және менің ойымша, 3-4 күннен кейін оның жағдайы жақсарады.
Біздің серіктес: FONBET