«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович Премьер-лиганың 16-турында «Тұранмен» болған ойынды (2:2) қорытындылады:
- Ойын нәтижесін көрдіңіздер, мен неден бастарымды білмеймін. Менің ойымша, бірінші таймда баяу ойнадық: шабуылда сылбыр қимылдап, қарсылас қақпасының маңында ештеңе жасамадық. Бірақ екінші таймда жақсы ойнай бастадық: гол соғатын мүмкіндіктер пайда болды, ойын ырғағын арттырып, оң және сол қапталдан бірнеше рет шабуыл жасадық - гол соғуымыз мүмкін еді, бірақ қолымыздан келмеді. Алаң ортасындағы бірінші қателігімізден кейін гол жәберіп алдық. Қорытындылай келе, жолымыз болып, жеңілістен қашып құтылдық деп айта аламын. Алаңға шыққан жас ойыншылар да барын салды. Сондықтан, сенімнің арқасында жеңіліске жол бермедік деген сенімдемін.
Біздің серіктес: FONBET