"Фиорентина" қорғаушысы Никола Миленкович "Миланға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Tuttomercatoweb.com.
"Милан" сербиялық футболшыны 10 миллион еуроға бір жарым жылға жалға алуға дайын. Содан кейін клуб Миленковичті 30 миллион еуроға сатып алуға міндетті болады. Бірақ "Фиорентина" мұндай шарттарға әлі келіскен жоқ.
Қорғаушы осы маусымда А сериясының 7 кездесуінде бір гол соқты. "Милан" 7 матчта 17 ұпайға ие және Италия чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. Пиоли шәкірттері 22 қарашада "Наполиге" қарсы матч өткізеді.
Одан бөлек, "Милан" басшылығы команданың жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглуың агенті Гордон Стипичтің әрекетіне наразы екендігі туралы да хабарланды. Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, агент "Ювентус" және "Интер" клубымен келіссөздерді бастаған.
Біздің серіктес: FONBET