Жарнама
Жарнама

«Милан» шабуылшысы Италия чемпионатының тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды

21.12.2020, 01:59
Алдыңғы рекорд Паоло Поджиге тиесілі болған (8 секунд).
Жарнама
Жарнама

"Милан" шабуылшысы Рафаэл Леау А сериясындағы ең жылдам голды соқты, форвард "Сассуоломен" болған матчтың 7-ші секундында есеп ашты.

12-минутта "Миланның" жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу тағы бір гол соқты, бірақ төреші бейнеқайталаудан кейін бұл голды есепке алмады.

"Милан" А сериясының турнир кестесінде бірінші орында келе жатыр. "Россонерлер" 12 ойында 28 ұпайға ие. "Сассуоло" (23 ұпай) алтыншы орында. Осы маусымда "Милан А сериясында жеңілістің дәмін татқан жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров