Жарнама
Жарнама

Милан.... Шыңнан шыңырауға

13.03.2014, 05:28
Жарнама
Жарнама
Бір кездегі Еуропаның гранд клубын бүгінгідей халде көру өкінішті-ақ. Әңгіме, тек қана ұпай санында, тұрған орнында ғана емес, клуб төңірегіндегі жағдай жайында. "Россенеридің" жағдайы өте нашар, қаржы тапшы, сол қаржыны алақанға түсірер командада жұлдыздар да жоқ. Кака сөзсіз жұлдыз, бірақ ол сонау 2005-2007 жылдардағы секілді жас емес. Кәрі құрлықты дүркіреткен "Милан" осындай халге қалай түсті? Бәрі бір күнде болмаған дүние болар... Шыңнан шыңырауға құлауы осыдан 5-6 жыл басталған болатын. 2007-ші жыл. Афинадағы финал біраз жанкүйерлер есіңде болар. Пипо Индзагидің "Ливерпуль" қақпасына екі гол тоғытып, "Милан" ағылшындық клубтан екі жыл бұрын кеткен есені қайтарады. "Милан" үшін маусым сәтті аяқталады. Сырт көзге бәрі де жақсы.  Дегенмен де, өмірде бір орында тұрып қалмау ең маңызды фактор. Жеткен жетістігін, алдағы жетер жетістіктеріне нық сенім орнатады. Әрине, жалғыз сенімнің қолдан келер қауқары шамалы. Оған жетер жол болмақ, түптеп келгенде  жетер жолда тіпті құрбандық та болмақ. "Милан" бұл жолды таңдамады. Сол кездегі трансферлік саясатына көз жүгіртелік. Сол Чемпиондар Лигасындағы жеңістен кейін командаға тың серпіліс беріп, команданы жасарту керек болған. Ұжымға кем дегенде 3-4 жас, талантты, талапты ойыншылар керектұғын. Оның орнына жалғыз Эмерсоннан басқа перспективті ойыншыны сатып алмайды. Трансфердегі сылбырлықтың нәтижесі көзге ұрып тұр: чемпионаттағы 5-ші орын. Бұл сәтсіздік клуб басшылығы алдына, құрамды нығайтуын талап етіп қойған болатын. Әрине, "Милан" трансферге белсене кірісті. Италияға, Испанияда Гвардиолаға керек болмай қалған Ронолдинио, өмірі бір командадан бір командаға жалға беріліп, сергелденге түсіп сеңделіп жүретін Боррьело, бұрынғыдай мықты емес, қайта оралған Шевченко, қартайған Дзамбротта, Бекхэм, жұлдыз деуге келмес Фламини, Сандерос, Антонини, Абате, қазір ешкімнің де есіңе де, түсіне де кірмейтін Кардачио, Конти, Маттиони секілді ойыншылар келеді. Әйткенмен, маусымда команда қола жүлделі болып, бірақ, екінші сортты турнир Еуропа Лигасында іріктеу кезеңінде "Вердерге" жол береді. Маусым аяғында, 9 жыл осы командаға арнаған Анчелотти да кетеді. Әрине, ол кезде оны не түлен түрткенін ешкім түсінбесе де, араға жылдар салып, "Миланның" түпкілікті проблемасы тереңде екеніне көз жеткізген соң-ақ Анчелоттиді бәрі түсінеді. Енді, Чемпиондар Лигасын өзімен бірге 2 рет жеңіп алған командасын қайтара алмасын көзі жеткентұғын, ұққантұғын. Бос қалған жылы орындыққа Леонардо отырады. Футболшы карьерасын атақты Паоло Мальдини аяқтайды, оған қоса командадан Кака да кетеді. Бір қарағанда, Каканың да кетуі жұмбақ, түсініксіз болатын. Оған дейін, екі жыл қатарынан "корольдік клубтын" бетін қайтарып келген бразилиялық, клуб ақшаға зәру болғандықтан кетеді. "Милан" қатарына Тиагу Сильва, Ян Хунтелаар сияқты ойыншылар қосылады. Чемпионаттағы үшінші орын, Чемпиондар Лигасының 1\8 финалында жарыс жолынан шығуы, сол маусымның қорытындысы. Келесі маусым, "Интерге" кеткен Леонардо орнына, ешкімге таныс емес, Аллегри келуімен басталады. Ех, сол кезде, болашақта "Миланға" лақтырылған боқтықтардың алдында көкірегін тосып жалғыз өзі тұрарын білсе ғой.. Бірақ, маусым басталмастан бұрын құрам айтарлықтай нығайған болатын. Барселонада көзге сүйел болған Ибрагимовичпен қатар, Кассано, Боатенг, ван Боммель, Эммануэльсондар келеді. Соңғы 4 жыл ішіндегі ең мықты құрам дәл осы жігіттер бастаған ұжым болатын. Аллегpидің аяқ алысы жаман емес, тіпті өте жақсы. Маман, "Милан" үшін ұмытала бастаған скудеттоны еншілейді. Бірақ, баяғы жартас-сол жартас. Бітпейтін, финанстық проблемаларына байланысты клуб ең негізі ойыншылары Ибрагимович пен Сильвадан айырылады. Команданың үздік қорғаушысы мен, "Барселонадан" барған басқа жердің бәрінде үздік саналған Ибраның орнын жамай алмайды. Әрине, солардан келген қаржыны олардың орнына жақсы ойыншылар сатып алуға бөлмесе, қалай жамасын? Соның өзінде Аллегри келесі маусымда жетістігін қайта қайталауға тырысады. Бірақ, әйгілі клуб еленбестен құлдырауға кетіп бара жатты. Содан бері, орнынан кеткенге дейін, Аллегридің командасында тұрақты ойын өрнегі де, команданы алға сүйрер нақты схемасы да болмайды. Иә, сынағаш көзге бәріне жаттықтырушы кінәлі. Бірақ, Аллегри түскен жағдайға, тіпті Жозені әкелсенде жемісті жұмыс істеуі күмәнді еді. Былтырғы маусымда, мықты құрам болмаса да, көктемге қарай команданы жігерлендіріп, Чемпиондар Лигасына жолдама алады. Бұл маусымда, Боатенг кеткесін, команда ойынын түбегейлі өзгертуге тура келеді. Онымен қоса маусым басындағы ойыншылардың жарақаттары. Проблема жаттықтырушыда емес, проблема, "Милан" түскен үлкен финанстық дағдарыста, президенттің өз басын сауғалап, заңмен басы біспей, командаға көңіл бөлмеуінде. Бұл проблемалар бар жерде Зеедорф та көмектесе алмайды. Бұл проблемалар түбегейлі шешілмейінше, уақытында кәрі құрлықты дүрліктірген ұлы "Миланды" кем дегенде алдымыздағы бес жыл ішінде көруіміз неғәйбіл.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров