«Брешияның» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали "Миланға" ауысты, деп хабарлайды италиялық клубтың баспасөз қызметі.
Тонали Милан қаласына жаңа клубқа ауысу үшін барлық қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін келді. Естеріңізге сала кетейік, "Милан" жартылай қорғаушыны сатып алу туралы "Брешия" клубымен келісіп қойған. 20 жастағы Тоналиді бір жылға жалға алғаны үшін 10 миллион еуро, ал 15 миллион еуроны келесі жылы ойыншыны сатып алған жағдайда төлеуі керек. Сонымен қатар, ойыншы болашақта басқа клубқа ауысатын болса, трансфер сомасының 10% -ы "Брешияға" бұйырады.
2019/2020 маусымда жартылай қорғаушы клуб деңгейінде 36 кездесу өткізіп, бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Сандро Италия құрамасында үш кездесу өткізіп үлгерді. Transfermarkt интернет-порталының хабарлауынша, Тоналидің трансферлік бағасы 32 миллион еуроны құрайды.
Біздің серіктес: FONBET