«Милан» жазда төрт футболшымен толығуы мүмкін

08.04.2022, 17:18
Италиялық клуб 100 миллион еуро дайындап отыр.

«Милан» жазғы трансферлік терезеде 100 миллион еуро жұмсауға дайын, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.

Дереккөздің айтуынша, «Милан» басшылығы мұны шектік сома ретінде белгілеген. Клуб бірінші трансфер ретінде «Лилльдің» қорғаушысы Свен Ботманды 25-30 миллион еуроға сатып алуы мүмкін.

Одан бөлек, италиялықтар «Лилльдің» тағы бір ойыншысы Ренату Саншешке, «Сассуоло» шабуылшысы Джанлука Скамаккиге көз тігіп отыр. Сондай-ақ «Ливерпульдің» шабуылшысы Дивок Оригиді қатарға қосуы мүмкін. Бельгиялық футболшының «Ливерпульмен» келісім-шарты осы жазда аяқталады.