Жарнама
Жарнама

«Миланның» жартылай қорғаушысы «Барселонаға» ауысты

05.07.2022, 00:31
Ивуарлық футболшы каталониялық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
Жарнама
Жарнама

«Барселона» өзінің ресми сайтында ивуарлық жартылай қорғаушы Фрэнк Кессьемен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы каталониялық клубқа «Миланмен» келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты еркін агент ретінде қосылды.

Кессьенің «Барселонамен» келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Фрэнк 6 шілде күні «Барселона» ойыншысы ретінде таныстырылады.

Фрэнк Кессье 2017 жылдан бері «Милан» сапында доп тепті. Италиялық клуб үшін 223 ойында 37 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді және биыл ел чемпионы атанды. Жартылай қорғаушы Кот-д'Ивуар құрамасында 2014 жылдан бері ойнап келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров