Сербиялық маман Милич Чурчич ресми түрде Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Алайда, ол бүгінгі Қазақстан Кубогы аясындағы матчта командаға жетекшілік етпейді. Чурчич өз міндетіне келесі аптада ресми таныстырылымнан кейін кіріседі.
2025 жылдың қаңтарында "Қызылжар" клубының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Содан бері клуб жаңа бас бапкер іздестіріп келген болатын.
Милич Чурчич 1981 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. Ол жаттықтырушылық мансабын 2013 жылы Қазақстанның "Атырау" клубында бапкердің көмекшісі ретінде бастады. Кейін Ливан құрамасының жастар командаларын, Сербияның "Пролетер", Иранның "Зоб Ахан” және Беларусьтің "Шахтёр" (Солигорск) клубтарын жаттықтырды. 2023 жылы Қостанайдың "Тобыл” клубының бас бапкері болып тағайындалып, сол жылы Қазақстан Кубогы мен 2024 жылы Суперкубокты жеңіп алды .
2024 жылдың маусым айында Чурчич "Тобыл” клубынан өзара келісім бойынша кеткен болатын.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET