Жарнама
Жарнама

Миллиондаған еуро, сенсациялық ауысымдар – Қазақстанда трансферлік маусым басталды

Бүгін, 14:01

Отандық футбол жанкүйерлері мен клубтар тағатсыздана күткен кезең басталды. Бүгін, яғни 10 маусымда Қазақстанда жазғы трансферлік маусымның шымылдығы ресми түрде түрілді. Кәсіби футбол клубтары үшін екінші тіркеу кезеңі ашылып, нарықтағы үлкен текетіреске нақты старт берілді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясы бекіткен ресми регламентке сүйенсек, бұл жолғы жазғы трансферлік кезеңнің уақыты бір ай 6 күнге созылмақ. 

Жазғы трансферлік терезе 2026 жылдың 10 маусымы мен 16 шілдесі аралығында ашық болады. Клубтардың жаңа ойыншыларды тіркеп үлгеруі үшін бір айдан астам уақыты бар. 

Бұл аралықта тек Премьер лига алпауыттары ғана емес, еліміздің төменгі дивизиондарындағы ұжымдар да белсенділік танытуға құқылы. Тіркеу процесі толықтай халықаралық талаптарға сай жүргізіледі.

– Қазақстан Премьер лигасы, Бірінші және Екінші лига клубтары жаңа футболшыларды ресми түрде тіркей алады.

– Командалар жаңа ойыншыларды толықтай сатып алумен қатар, басқа клубтармен келісімшарт жасасу, ойыншыларды жалға алу немесе беру процестерін ресімдей алады.

Барлық ауысымдар Қазақстан футбол федерациясы мен ФИФА-ның қолданыстағы  регламенттеріне сәйкес қатаң қадағаланатын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров