Бүгін Чемпиондар лигасының үшінші айналымындағы қарымта ойынында «Слован» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. Бұл жұптың жеңімпазы тек келесі кезеңге өтіп қана қоймай, қомақты сыйақыға ие болады.
Қос команданың үздігі Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Глазгоның «Селтикпен» жолығып, УЕФА-дан 4,3 миллион еуро көлемінде бонус алмақ.
Оған қоса, топтық кезеңге қатысқаны үшін де бірнеше миллион алады.
Сома нақты турнирге байланысты: Еуропа лигасы - 4,3 млн еуро, Чемпиондар лигасы - 18,6 млн, Конференциялар лигасы - 3,2 млн.
Біздің серіктес: FONBET