Жарнама
Жарнама

Міне қызық! Жәй ғана пенальтиден гол соққаны үшін Гиннестің рекордтар тізіміне енді

22.09.2025, 12:30

"Борнмуттың" шабуылшысы Джастин Клюйверт Ағылшын Премьер лигасында бір матчта үш пенальти соққан алғашқы футболшы ретінде ресми Гиннес рекордтар сертификатын алды.

Жарнама
Жарнама

Бұл жетістік 2024 жылдың 30 қарашасында "Молинью” стадионында өткен "Вулверхэмптонға” қарсы ойында тіркелді. Клюйверт сол кездесуде екі пенальтиді бірінші таймда орындап, соңғы минуттарда үшіншісін соғып, командасына 4:2 есебімен жеңіс сыйлаған еді.

Марапат оған өткен демалыста, "Брайтонға” қарсы матч басталар алдында табысталды. Айта кетсек, бұл 1957 жылдан бері бір ойында үш пенальти голын соққан алғашқы жағдай. Сол жылы "Манчестер Сити” ойыншысы Кен Барнс дәл осындай көрсеткішке қол жеткізген. Ал Клюйверт Премьер лига тарихында мұны қайталаған жалғыз футболшы болып отыр.

Клюйверттің әріптесі Эванилсон да сол ойында үш пенальти алып, Англия жоғарғы лигасында мұндай көрсеткішке алғаш қол жеткізген футболшы атанды.

Сертификатта клуб атауы көрсетілмеген, тек Клюйверттің есімі және оның ресми рекорд иегері екені жазылған.

Аты аңызға айналған Патрик Клюйверттің баласы Жастин мансабында Англия, Италия, Нидерланд, Испания, Франция және Германиялық клубтарында гол соғып үлгерген. Енді ол өз есімін әлемдік рекордтар қатарына енгізіп, ресми түрде "әлем рекордшысы” атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров