Жарнама
Жарнама

Минималды максимум

15.12.2011, 04:01
Жарнама
Жарнама

«Интер» сырт алаңда «Дженоаны» 1:0 есебімен ғана жеңіп кішіпейілдік танытты. «Нерадзурри» қайтадан мықты қарсылыққа тап болды. Абырой болғанда, Раньери шәкірттері бір гол соғып есепті соңына дейін ұстай алды. «Интер» «ақырын жүріп анық басып» алға қойған мақсатына баяу жылжып келеді. Ойын, әрине, шытырман оқиғаларға толы болған жоқ. шиеленістер те алаңада байқалмады. Есесіне ойын көп тоқтаулармен өтіп алаңдағы ойыншылардың біршамасы жарақат алды. Былай қарағанда ойын қорытындысы бар, алайда жанкүйер уызы қанбай қалған секілді. Ойын – кедейлеу болды. Тек «Интердің» ешкімге реніші жоқ. Миландықтар Генуядан ауадай қажет 3 ұпайды қоржынына салып ризашылықпен қайтты.

«Дженоа» – «Интер» – 0:1 (0:0) Гол: Нагатомо, 67. «Дженоа»: Фрей, Каладзе, Гренквист, Моретти, Дайнелли, Росси, Велозу, Констант (Янкович, 60), Место, Меркель (Караччоло, 75), Эдуардо (Прато, 51). «Интер»: Жулио Сезар, Самуэль, Лусио, Нагатомо, Санетти, Фараони (Альварес, 46), Камбьяссо, Мотта, Поли (Оби, 69), Паццини, Милито (Форлан, 82).

Ойын барысы

Алғашқы боп қонақтар шабуылға аттанды. Неге екені түсінікті, алайда артық белсенділіктің де зардабы болады. 4-ші минутта Паццини «екінші қабаттағы» күрес барысында жарқат алып тек дәрігерлер көмегімен қайта ойынға қосылды. 14-ші минутта ойын тағы тоқтатылды. Фараони әуе қақтығысында Росси шынтағынан опық жеп шөпке жығылды.

Бірінші таймның орта тұсында «Дженоа» басымдыққа ие болғандай еді, бірақ әрекеттері нәтижеге ұласпады. Келесі ереже бұзушылықтан кейін «Интер» соққысы айып алаң маңындағы Самуэльге жетіп ол Милитоға пас бағыттайды. Милито допты қақпаға теуіп еді, Фрей оны қайтара білді. 45 минуттың жартысы паузалармен өтіп, ойынның бей-берекеті қашты.

«Интердің» алғаш ойыншы алмастыруы.  Альварес Фараонидің орнына шықты. 55 минутта Каладзе Милитоға қарсы дөрекі ойнап сары қағаз алды. Жалғыз гол ойынның 67 минутында соғылды. «Интер» кезекті шабуылын қапталмен өрбітіп арттан қосылған қорғаушы Нагатомо қарсылас қақпашыны жойқын соққымен қапы қалдырды. 1:0. Альварес голдан кейін де тамаша пастар беріп тұрды. Бірақ көп сәттерде әріптестері ол доптарға жете алмады.

Голдан кейін ойын аса қызық болмады. «Интер» қорғанысқа терең түсіп алға ұмтылуға ниет танытпады. «Нерадзурри» қорғанысын бұзу «Дженоаның» қолынан келмеді. Матч миландықтардың минималды жеңісімен аяқталды.

Олжас НҰРАЗХАН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров