Беларусь ұлттық құрамасында Испандық бапкер Карлос Алостың көмекшісі болған Қазақстандық маман Фархат Жәнібеков көрші елдегі қызметінің қалай аяқталғаны туралы шындықты жайып салды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол 2025 жылдың соңында себепті жұмыстан кеткенін егжей-тегжейлі баяндап берді.
Жәнібековтің айтуынша, Беларусь футболындағы басшылықтың ауысуы және мемлекеттік органдардың ұстанымы бапкерлер штабының ерте кетуіне басты себеп болған. Келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жасалғанымен, жұмыс мерзімінен бұрын тоқтатылған.
“Басшылық ауысты, Спорт министрлігінен жаңа адамдар келді. Олар басынан-ақ шетелдік маманның тағайындалғанына наразы болды. Бізге Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтауға мүмкіндік берді де, 2025 жылдың соңында қоштасты. Біз тиісті өтемақымызды алып, жұмысты тоқтаттық.” — деді Фархат Жәнібеков Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Шетелде тәжірибе жинап қайтқан маманның елге оралуы жанкүйерлер арасында “Ол ұлттық құрамаға келе ме?” деген сұрақ туғызуы мүмкін. Алайда Фархат бұл мәселеге нүкте қойды. Ол қазіргі бас бапкер Талғат Маруанұлының көп жылдан бері бірге келе жатқан өз командасы бар екенін атап өтті, және оған Қазақстан құрамасы тарапынан әзірге ешқандай ресми шақырту түспеген.
Біздің серіктес: FONBET