Жарнама
Жарнама

Мино Райола 54 жасында өмірден озды

01.05.2022, 01:18
Әйгілі футбол агенті өкпе ауруынан қайтыс болды.
Жарнама
Жарнама

Әйгілі футбол агенті Мино Райола ұзаққа созылған өкпе ауруынан кейін 54 жасында қайтыс болды, деп хабарлады оның жанұясы әлеуметтік желіде.

Бірнеше күн бұрын шетелдік БАҚ ұзақ уақыт өкпе ауруымен күрескен Райоланың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Кейін агенттің көмекшісі Миноның жағдайы нашар, бірақ тірі екенін айтты.

Райола Еуропадағы 20-дан астам танымал футболшылардың агенті болып табылады, оның ішінде «Пари Сен-Жермен» мен Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма, «Боруссия Дортмундтың» шабуылшысы Эрлинг Холанд, «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович, «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигт, «Манчестер Юнайтед» және Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба және басқа да атақты ойыншылардың мүддесін қорғайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров