Жарнама
Жарнама

Мино Райола өзінің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

29.04.2022, 00:41
Райола Еуропадағы 20-дан астам танымал футболшылардың агенті болып табылады.
Жарнама
Жарнама

Футбол агенті Мино Райола өзінің өлімі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпаратқа реакция білдірді.

«Қызықтыратындар үшін қазіргі жағдайым туралы айтайын: менің денсаулығым керемет! Соңғы төрт айда мені екінші рет өлтіріп отыр. Менде қайта тірілетін қабілет бар сияқтя», - деп жазды Райола твиттер парақшасында.

Бұған дейін шетелдік БАҚ ұзақ уақыт өкпе ауруымен күрескен Райоланың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Кейін агенттің көмекшісі Миноның жағдайы нашар, бірақ тірі екенін айтты.

Райола Еуропадағы 20-дан астам танымал футболшылардың агенті болып табылады, оның ішінде «Пари Сен-Жермен» мен Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма, «Боруссия Дортмундтың» шабуылшысы Эрлинг Холанд, «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович, «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигт, «Манчестер Юнайтед» және Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба және басқа да атақты ойыншылардың мүддесін қорғайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров