Жарнама
Жарнама

Миралем Пьянич түркиялық клубқа ауысты

03.09.2021, 15:45
«Ювентус» пен «Барселонада» ойнаған футболшы ешкімге керек болмай, Түркиядан бір-ақ шықты.
Жарнама
Жарнама

Миралем Пьянич «Бешикташ» клубымен келісім-шартқа отырды. Түркиялық клуб өзінің ресми сайтында босниялық жартылай қорғаушыны бір маусымға жалға алатынын жариялады.

Пьяничтің осы маусымдағы ойыны үшін «Бешикташ» «Барселонаға» 2,75 миллион еуро төлейді.

Бір жыл бұрын Миралем Пьянич «Барселонаға» ауысқан еді, бірақ босниялық футболшы команданың негізгі ойыншысы бола алмады. Пьянич каталониялық клуб үшін 30 кездесу өткізсе де, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 7 қыркүйек күні сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен кездеседі. Ал Пьянич осы ойынға қатысуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров