Жарнама
Жарнама

Мирам Сапанов Премьер лигада 200 матч өткізді

27.04.2025, 18:30

"Атырау" клубының 39 жастағы қорғаушысы Мирам Сапанов Премьер лиганың алтыншы турындағы "Астанаға" қарсы өткен ойында (1:2) өзінің Премьер лигадағы 200-ші матчына шықты.

Жарнама
Жарнама

Орал футболының түлегі Мирам Сапанов өз кәсіби мансабындағы алғашқы ойынын 2004 жылдың 5 мамырында туған клубы "Ақжайық” сапында өткізген. Сол кездесуде "Ақжайық” Астанада жергілікті "Жеңісті” сенсациялық түрде 2:1 есебімен жеңген болатын. Мирам алаңға екінші таймның басында, 46-минутта Владимир Галицкийдің орнына шыққан.

Осы уақытқа дейін Мирам Сапанов Премьер лигада бірнеше клубтың намысын қорғады:

"Ақжайық” — 138 матч, 5 гол

"Ордабасы” — 18 матч

"Жетісу" — 30 матч

"Шахтёр” — 11 матч

Қазіргі уақытта ол "Атырау” клубында ойнап жүр, бұл команда сапында 3 матч өткізіп, 2 гол соғып үлгерді.

Өзінің мерейтойлық, яғни 200-ші матчында Мирам Сапанов "Астана” қақпасына гол соқты.

Айболат Өнер

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров