Жарнама
Жарнама

Мирас Көбеев - Беларусь біріншілігінің көшбасшысы. 20-жастағы футболшы кеше нәтижелі әрекетімен көзге түсті

28.04.2025, 12:09

Беларусияның «Ислочь» клубында доп тебетін жартылай қорғаушы кеше алтыншы турда «Молодченоға» қарсы ойында ассист жасап, шеберлігін паш етті.

Мирас Көбеев "Ислочь" жейдесінде
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы ойынды қосалқы құрамда бастап, алаңға 66-минутта шыққан. Сөйтіп, ойынға қосылғандағы небары бір минуттың ішінде голдық пас шығарып, шеберлігін паш етті. Осылайша, Мирас Көбеев командасының ірі есеппен басым түсуіне өзінің үлесін қосты.

20-жастағы жартылай қорғаушы биыл «Ислочь» жейдесінде барлық алты кездесуге қатысты. Ал былтыр Беларусь біріншілігінде 15 матчта өнер көрсетіп, 1 рет мергендік танытқан болатын. Футболшының нарықтық бағасы 125 мың еуро.  

Мирас Көбеев “Қайраттың” түлегі саналады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров