21 жастағы жартылай қорғаушы мамыр айынан бері жарақатынан емделіп келеді.
Мамырдан бері Мирас Ислочьтің 21 матчын жіберіп алды. Отандасымыз “Арсенал Дзержинскке” қарсы кездесуде тізесін оңдырмай жарақаттады. Содан кейін күрделі ота жасатып, жарты айдан кейін жаттығуларға кірісе бастады. Алайда дәрігерлер крест байламын зақымдаған футболшыға алаңға шығуына рұқсат бермеген екен. Сол себептен Мирас үшін осы маусым аяқталды.
Беларусияның Жоғары Лигасында 9 матч өткізіп, 1 голдық пас берген Көбеев жарақатым болмағанда Қазақстан U21 командасына көмектесетін едім деп қынжылып отыр.
Қазірде Мирас өнер көрсететін команда Беларусия чемпионатында 7 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET