Жарнама
Жарнама

Мирас Көбеев “Шахтер” ойыншысы атануы мүмкін

21 жастағы жартылай қорғаушы бүгінде Қарағанды командасы қаралымында жүр.

Жарнама
Жарнама

Жарақатына байланысты осы маусымның көп бөлігін өткізген Мирасқа беларусияның “Ислочь” командасы жаңа келісім шарт ұсынбайтын секілді. Сол себептен “Қайрат” ФК түлегі өз отанына оралып, “Шахтердің” Шымкенттегі жиындарына қатысуда. Егерде барлығы дұрыс болып жатса, жартылай қорғаушы кеншілермен 1 жылдық келісім шартқа отырмақ.

Еске салсақ, Көбеев 2024 жылдың 29 қаңтар күнінде “Ислочь” клубына еркін агент ретінде ауысып барған болатын. Онда екі маусым қорытындысы бойынша Мирас 46 матч өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді. 

Айтпақшы, Шымкентте кеншілер қаралымында Мирастан бөлек, “Тараздың” шабуылшысы Абзал Мұқанбетжановта жүрген болатын. Алайда қос тарап келісім шарт мәселесі бойынша бір мәмілеге келе алмай, қос жаққа тараған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: